"Алтын Ордадағы" жанжалға қатысты жаңа видео табылды

Информбюро 31
Информбюро 31
Жарияланған 31.03.2021

Алматы маңындағы Алтын Орда базарындағы даулы мәселені полиция тергеп жатыр. Ал басынан соққы алып ауруханаға түскен автотұрақ қызметкерінің жағдайы әзірге белгісіз. Өзін жәбірленушімен деп құзырлы органдарға арыз түсірген көлік жүргізушісі кикілжіңді бірінші бастағанын мойындайды. Алайда азамат төбелеске өзін және отбасын қорғау үшін барғанын айтады. Және азаматтар арасындағы жанжалды ұлтараздық қақтығыспен байланыстырмауды сұрайды.
Бұл видеода Алтын Ордадағы даулы оқиғаның қалай басталғаны көрсетіледі. Жазбада жүргізуші базар бақылаушысын балағаттап, тұраққа ытқып кіргенін байқайсыз. Тіпті бұл маңдағы камера да бақылаушыны басып кете жаздағанын түсіріп алған. Ал кейін тұрақ ішінде текетірес басталған. Бұл дауда жәбірленушімін деп шағымданған жүргізуші өзімді және отбасымды қорғамақ болдым деп отыр.
НИКОЛАЙ ЕВГЕНИЕВИЧ, көлік жүргізушісі:
– Ол дөрекі сөйлей бастады. Сосын мен боқтадым. Сосын тұраққа кіріп көліктен шығып ем, маған пышақ ала жүгірді. Ал отбасымды қорғау үшін көлікке отырып қашып шықтым. Кейін бмв автокөлігін мінгендер үйіме дейін аңдып келді. Мен өз қателігімді мойындаймын. Бірақ бұны ұлтаралық жанжал деп қабылдамаңыздар.
Қазір Николай көлігіне 320 мыңдай шығын келгенін айтады. Көлік шанағының бояуы кетіп, кей жерлерін теуіп зақымдады дейді. Енді олар көлігімді жөндетіп берсе дейді.
АНАСТАСИЯ ЖГУНОВА, жүргізушінің жұбайы:
– Ол пышақпен қорқыта бастады. Содан күйеуім оны ұрды. Ол екі минуттай есінен танып қалды. Сосын көлікті теуіп, бізді қорқыта бастады.
Алтын Орда басшылығы қазір екі тараптың да кінәсін тергеу ісі анықтасын, араласпаймыз деп отыр. Алайда Николайдың қызметшіні оңдырмай ұрып құлатқаны, өзін қорғаудан көрі, күш көрсетуге ұқсайды деп отыр. Тіпті мұны мұндағы куәгерлердің түсірген мына видеосы да оны айшықтап береді деп отыр.
ЖҰМАДИН ОРАЗМАҒАНБЕТҰЛЫ, Алтын Орда сауда логистикалық орталығы директорының орынбасары:
– Аталған іс бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Соққы алған жұмысшы қазір емделуде. Ол бұрын-соңды жаман қылық көрсеткен емес, және бұндай жағдай базарда алғаш болып отыр.
РИНАТ МЫРЗАБЕКОВ, базар бақылаушы:
– Әріптесімдікі дұрыс. Біз өзіміздің қарапайым жұмысымызды істедік ол жерде. Ол ол жерде жүз теңге төлемеймін деп кірген.
Бұл шулы оқиғаға желі қолданушылары да түрлі пікір білдіріп отыр, бірі көлік иесін қолдаса, енді бірі жүз теңге үшін жағадан алу жабайылық деп пікір қалдырыпты. Ал заңгер Жангелді Сүлейманов Николай бірінші болып соққы жасап күшпен шешпек болып, кейін заңға жүгінгені арандатуға көбірек ұқсайды деп, екі жақты татуласуға шақырып отыр.
Жұмысымыз жүз теңге алып, талон ғана беру деген қарапайым базар бақылаушылары күніне он адам келіп жекіп кетеді деп отыр. Ал кешегі текетіресте басынан қатты соққы алған күзетші қазір аудандық ауруханада ем алып жатқан көрінеді.

.
.
.
.
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1
Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/
Instagram - https://instagram.com/informburo31
Vkontakte - https://vk.com/informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро 7 777 331 31 31

#информбюро #басты_жаңалықтар

Runtime 00:02:34

Информбюро, 31 канал информбюро, новости информбюро, информбюро жаналыктар, главные новости страны, новости казахстана, жаңалықтар, zhanalyktar, жаналыктар, басты жаңалықтар, кешкі жаңалықтар, информбюро қазақша, кешегі жаңалықтар, ерқанат көпжасар, аида боранбай, наталья раим, информбюро орысша, вечерние новости, алтын орда драка, алтын орда базарында болган окига, алтын орда парковщик, драка алтын орда, драка на алтын орде алматы, драка за 100 тенге,

Түсініктемелер: 4,693
Ұсынылған бейнелер
Жарнама берушілерге арналған
сіздің жарнамаңыз үшін орын.
Срочный Прямой Эфир / Мухтар Аблязов
Срочный Прямой Эфир / Мухтар Аблязов
Мухтар Аблязов Новости
47,808